Skip to content
Home » Мұса пайғамбар (ғ.с.) бірінші Нышан-белгісі: Құтқарылу мейрамы

Мұса пайғамбар (ғ.с.) бірінші Нышан-белгісі: Құтқарылу мейрамы

  • by

Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) қайтыс болғанына 500 жыл өтті.   Төменде айтылатын оқиға б.з.д. 1500 жылдары орын алған. Ысқақ арқылы тараған Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұрпағы қазір яһудилер деп аталатын үлкен халыққа айналды. Уақыт өте келе олар мысырлықтарға құлдыққа түсті. Ол оқиға Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) шөбересі Жүсіп пайғамбар Мысырға құлдыққа сатылып кеткеннен кейін орын алды. Содан кейін көп жыл өткен соң Жүсіп пайғамбардың отбасы түгел Мысырға көшіп келеді. Ол туралы Жаратылысытың басталуы кітпатың 45-46 тарауларында баяндалған. Ол Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Таураттың бірінші кітабы. 

Біз енді басқа ұлы пайғамбар Мұса (ғ.с.) нышан-белгісіне келдік. Ол туралы Мысырдан көшіп шығу кітабында жазылған. Сол кітаптан біз Мұса пайғамбар (ғ.с.) Исраил халқын Мысырдан қалай алып шыққаны туралы оқи аламыз. Тәңір Иеміз Мұса пайғамбарға (ғ.с.) Мысыр патшасы перғауынға барып, исраил халқына бостандық беруін талап ет деп бұйырды, нәтижесінде Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен перғауын сиқыршылары арасында тартыс пайда болды. Ол тартыс Алла Тағала Перғауынға нышан-белгі болған сол атақты тоғыз жаза жіберумен аяқталды. Перғауын нышан-белгілерге немқұрайлық танытып, Жаратқан Иеге мойынсұнбады. 

Назият сүресінде осы оқиға былай суреттеледі: 

  Саған Мұсаның хабары келді ме? Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі “Тұуа” ойпатында дабыстады:  “Перғауынға бар. Өйткені ол, азды.”  

Сонда оған: “Тазарғың келе ме?”,- де.  “Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың”  Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті .

Назият 79:15-20

           Муззәммил сүресінде Перғауынның жауабы берілген:   

Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық  Муззәммил

73:16

Назият сүресінде айтылған ол қандай «ұлы нышан-белгі» (ірі мұғжиза) және Муззәммил сүресіндегі қандай «қатты қинау»? Екеуі де Алла Тағаланың Перғауынға жіберген Он жазасы туралы. 

Он жаза

Сонда Жаратқан Ие Мысырға оныншы ең қорқынышты жаза жіберемін деп уәде етті. Тауратта оныншы жазаның алдында Тәңір Иеміз бұйырған ерекше дайындық туралы айтылады. Ол туралы Қасиетті Құранда да жазылған. Келесі аяттарды оқыңыз: 

Расында Мұса (Ғ.С.) ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрпақтарынан сұра: Мұса оларға келген кезде, Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді. Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың; көктер мен жердің Раббы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын? Шын мәнінде мен, сені типыл болады деп ойлаймын”, – деген еді.

Исра 17:101-102

  Перғауынның «ақыры келеді» деп айтылған. Ол қалай іске аспақ? Оның алдында Алла Тағала адамдардың үстінен әр түрлі жазаларды қолданды. Нұхтың заманында әлем топан суға батты; Лұттың әйелі тұзды бағанға айланып кетті. Ал осы жағдайда бұл жәй өлім емес, сонымен бірге барлық халыққа арналған – Ұлы нышан-белгі. Құранда былай жазылған: 

Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.

Назиат 79:20

Оныншы жаза туралы мәліметті Таураттағы Мысырдан көшіп шығу кітабынан оқуға болады. Сілтеме осы жерде. Осы үзіндімен танысып шығуды ұсынып, кеңес беремін, өйткені онда бізді қызықтырған жағдай толық қамтылған және оқиға одан ары қалай дамығаны да көрсетілген. 

Құтқарылу тоқтысы және өлімнен аман қалу

Сол үзінді де баяндалғандай, Алла Тағала есік жақтауы мен босағасына құрбандық тоқтының қаны жағылмаған барлық мысырлық үйдің тұңғыш ұлы өлтірілетінін жариялады. Сол үкімді Мысыр патшасы Перғауын да естіді, егер ол Жаратқанның әміріне мойынсұнбаса, тақ иегері мұрагер боп отырған тұңғыш ұлы өлтірілетінін естіді. Сөйтіп, құрбандық тоқтының қанын босағасына жақпаған барлық мысырлық үйдің тұңғыштары өлтірілетін болды. Бұл Мысыр үшін нағыз ұлттық апат еді. 

Бірақ, Алла Тағаланың уәдесі бойынша құрбандыққа шалынған тоқтының қанын есік жақтауы мен босағасына жаққан үйдегілер аман қалады. Жаратқанның қаһары сол үйге соқпай өтеді. Сондықтан сол күн Құтқарылу деп аталды («Құтқарылу» сөзі есік жақтауы мен босағасына құрбандық тоқтының қаны жағылған үйге өлім соқпады). Есік босағасына қан бүркіу нышан-белгісі кімге арналған? Тауратта былай делінген:   

Сол түні Мен Мысыр елін аралап, ондағы адамның да, малдың да тұңғыштарын құртып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын. Себебі Мен Жаратқан Иемін! Жағылған қан сендердің отырған үйлеріңді көрсететін белгі болады. Сонда қанды көріп, соқпай өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратып жатқан кезде сендер бұл күйретіп жатқан соққыдан түгелдей аман қаласыңдар .

Мысырдан шығу 12:13


  Сонымен, Құдай есік жақтауы мен босағасына жағылған құрбандық тоқтының қанын көріп жанынан өтіп кетеді, бірақ нышан-белгі Құдайдың Өзіне арналмаған. Үзіндіде: «Қан сендерге нышан-белгі болады» – делінген.  Яғни бұл нышан-белгі адамдарға арналған. Сонымен бірге осы нышан-белгі бүгінгі таңда Тауратты оқып отырған біздерге де арналған. Неге? Өйткені сол оқиғадан кейін Жаратқан Ие былай өсиеттейді: 

  Бұл нұсқауды өздеріңе және келешек ұрпақтарыңа арналған ереже ретінде мәңгі берік сақтаңдар! Жаратқан Ие сендерге табыстаймын деп уәде еткен елге кіргеннен кейін де осы рәсімді ұстануларың керек. Балаларың: «Бұл не қылған рәсім?» деп сұраса, оларға былай деңдер: «Бұл — Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Жаратқан Ие мысырлықтарды қырғынға ұшыратқан кезде исраилдіктердің үйлеріне соқпай өтіп кетіп, бізді өлімнен аман алып қалды». Мұны естіген халық Тәңір Иеге иіліп ғибадат етті.

Мысырдан шығу 12:24-27

Исраил халқының күнтізбесі Құтқарылу мейрамынан басталады

Исраилдіктер Құтқарылу мейрамын жыл сайын дәл сол күні атап өтуге өсиет алды. Исраил күнтізбесі батыс күнтізбесінен өзгеше. Олардың күнтізбесі, Рамазан айы секілді жыл сайын біздің күнтізбеге қарағанда жылжып отырады, өйткені олардың жал санауы басқадай жүреді. Бүгінгі күні 3500 жыл өтсе де, яһудилер Тауратта жазылғандай Мұса пайғамбар (ғ.с.) Құдайдан хабар алып, соған мойынсұнып Құтқарылу өсиетін қабылдаған күнді жыл сайын тойлайды. 

Исраилдік Құтқарылу мейрамы алдындағы қойды құрбандыққа шалу көрінісі. Құтқарылу мейрамына арнап құрбандық шалу фотосуреті.

  Бұл мейрам, Құрбан айт мейрамына ұқсас.   

Осы мейрамның ұзақ жылдық тарихына шолу жасап, біз мына бір таңқаларлық жағдайды байқаймыз. Мысалы Інжіл Шарифтегі Иса Мәсіх (ғ.с.) тұтқындап жазаға тартқан жерін алып қараңызшы: 

 
Таң сәріде яһуди дінбасылары Исаны Қаяфаның сарайынан римдік әміршінің сарайына алып барды. Діни салтқа сай арамданбау үшін, яһуди дінбасылары әміршінің сарайына кірген жоқ. Әйтпесе олар Құтқарылу мейрамындағы асқа қатыса алмайтын еді. Ал Құтқарылу мейрамында өз салттарың бойынша сендерге бір тұтқынды босатып жіберемін. Енді «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыңдар ма? — 

Сонда олар:

— Бұны емес, Бараббаны! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. Ал Барабба ұлтшыл қарақшы болатын .

Жохан жазған Ізгі хабар 18:28, 39-40


 Басқадай айтқанда Иса Мәсіх (ғ.с.) яһуди күнтізбесі бойынша дәл сол күні Құтқарылу мейрамы кезінде, тұтқындалып жазаға тартылып отыр. Естеріңізде болса, Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) нышан-белгісінде Шомылдырушы Жақия атаған Иса пайғамбардың бір есімі былай делінген:  

 Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:

— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!

  Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. 

«Менен кейін Біреу келе жатыр, Оның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын» дегенімде, Сол туралы айтқан едім .

Жохан жазған Ізгі хабар 1:29-30


  Иса Мәсіх (ғ.с.) Құтқарылу мейрамы күні жазаға тартылды

 Міне сондықтан да яһудилік Құтқарылу мейрамы, барлық әлем тойлайтын Құтқарылу мейрамы (пасха) екеуі бір аптаның ішінде болады, өйткені Иса Мәсіх (ғ.с.) сол күні өлімге кесілді. (Әдеттегі Құтқарылу мейрамы (пасха) яһудилік Құтқарылу мейрамымен бір күнге сәйкес келмейді, өйткені батыстық күнтізбе мен яһудилік күнтізбедегі жыл санау басқаша орын алған. Бірақ осы екі мейрам жыл сайын бір аптаның ішінде тойланады). 

Енді «белгілер» не үшін керек деп ойланып көрейік. Төменде бірнеше мысал көрсетілген: 

Олардың мақсаты қандай? Белгілер – біздің назарымызды басқа бір нәрсеге аударғысы келеді. 

Егер бастың қаңқасы мен сүйектер көрсек, біз өлім қауіпін еске аламыз.      «Алтын бел» белгісін көрсек McDonalds мейрамханасын еске түсіреміз. Теннисші Надалдың банданасындағы √  белгісі Nike фирманыкі екенін білдіреді. Nike фирмасы Надалдың басына киген сол банданасындағы белгіні көргенде біз сол туралы ойлағанымызды қалайды. Басқа сөзбен айтқанда белгілер – біздің назарымызды бір затқа аударуға арналған құрал. Егер Мұса пайғамбар (ғ.с.) нышан-белгісі туралы айтар болсақ, Алла Тағала бізге бір белгі беріп тұрғандай. Ол бізге не үшін керек? Иса пайғамбар (ғ.с.) өлімді қабылдаған күні, құрбандық тоқтыларды құрбандыққа шалатын күнмен сәйкес келіп тұрғаны, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандығына байланысты  маңызды нұсқау бар екені анық. 

Құтқарылу мейрамы – Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандығына – Нышан-белгі 

Белгі біздің санамызға сызбада көрсетілгендей әсер етеді. Бұл Нышан-белгінің мақсаты –Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандық өліміне біздің назарымызды аудару. Бірінші құтқарылу мейрамында адамдарды өлім періштесінен құтқару үшін тоқтыны құрбандыққа шалып қаны төгілді. Сол оқиға сияқты – осы Нышан-белгі де біз өлімнен құтқарлуымыз үшін, Құдайдың құрбандық Тоқтысы, Иса Мәсіх (ғ.с.) құрбандыққа шалынды.  

Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) ұлын құрбандыққа әкелуі де – Нышан белгі; ол да біздің назарымызды Иса Мәсіхке (ғ.с.) аударады. 

Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) үшінші Нышан-белгісінде оқығанымыздай, Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) сынаққа түскен тау Мори деп аталады. Сол қиын сәттің соңында Алла Тағала ұлдың орнына тоқтыны ұсынды. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлының орнына тоқты құрбан болды. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) құрбандық өлімін қабылдаған орын, исраил жеріндегі сол Мори тауы болатын. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімді дәл сол жерде қабылдауы да бізге арналған Нышан-белгі нұсқауы. Мұса пайғамбар (ғ.с.) Нышан-белгісі жайлы әңгіме көтергенде, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандық өлімін қабылдағанына қатысты тағы бір нұсқау көреміз. Ол Құтқарылу мейрамның күнтізбедегі күні туралы болмақ. Тоқтының құрбандыққа шалынуы тағы да сол тағдырлық оқиғаға нұсқау болып тұр. Қалай? Мұса пайғамбар (ғ.с.) келесі Нышан-белгісіне көз жүгіртейік, онда осы қызық сұрақтың жауабына саңылау береді. Келесі нышан-белгі – Синай тауындағы Заңды қабылдау. 

Осы мақаланың соңында, перғауынмен не болғанын еске түсірейік. Тауратта келтірілген үзіндіде перғауын пайғамбардың ескертуіне немқұрайлы қарап, тақ иегері тұңғыш ұлының сол түні өлтірілгенін оқимыз. Ең соңында перғауын исраилдіктердің Мысыр елінен шығып кетуіне жол береді. Артынан өз ойынан айнып қалған перғауын олардың артынан қуалап Қызыл теңізге бет алды. Құдайдың құдіретімен теңіз қақ жарылып, исраилдіктер теңіздің түбіндегі құрғақ жермен өте шығады да, артынан қуып келген перғауын бүкіл әскерімен теңізге батырылады. Сөйтіп, тоғыз жаза, тұңғыштарының өлтірілуі және әскерінің теңіз түбіне батып кеткені, Мысыр елінің қуаттылығын әлсіретті. Мысыр елі сол құлағаннан қайтып оңалмады, яғни бұрынғы әлемге ықпалы жүретін күшіне ене алмай өтті. Тәңірдің соты осылай орын алды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *